|
21.07.2022 | 20:38
2516

Алматыда дала өрті 50 пайыз азайды

Қызыл жалынның тұтануына тұрғындардың отты жөнсіз қолдануы себеп болады

Алматыда дала өрті 50 пайыз азайды Almaty.tv

Шілденің шіліңгір ыстығында лап ету ықтималдылығы жоғарлайтын дала өрті биыл 50 пайызға азайған. Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Төтеншеліктер дерегінше, жыл басынан бері қураған өсімдік басқан аумақтарда жалпы 77 рет өрт болған. Қызыл жалын шашамен 2,5 гектардан асатын алаңға тарапты. Алайда төтеншеліктер, өткен жылмен салыстырғанда, биыл дала өртінің азайғанын айтып отыр.

«Өткен жылмен салыстырғанда өрт оқиғасы 50 пайызға төмендеді.  Сәйкесінше, өрт аумағы 80 пайыз азайған. Бұл – аудандық әкімдіктермен бірлесе істеген шаралар нәтижесі», – деді ТЖД аға инженері Әбдіислам Әбдіқадыров.

Қызыл жалынның тұтану фактісі алқаптан бөлек, тұрғын үйлерде де төмендеген дейді төтеншеліктер. Мәселен, былтырмен салыстырғанда 16 пайызға азайған. Бірінші жартыжылдықта 312 өрт жағдайы тіркелген.

«ТЖД биыл 110 шақырту түсті.  Оның ішінде 27 өрт оқиғасы орын алған. Өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға кем», – деді Әуезов аудандық тжб бас маманы Рауан Дәуренұлы.

Ал Алматының Әуезов ауданынының өрт сөндірушілері көбіне тұрғын үйлерге шақырту түсетінін айтады. Сондықтан мұнда көліктен бөлек, 54 метрге дейін көтерілетін кран және кептеліс кезінде уақыт үнемдеу үшін мотоциклдер де қолданылады екен.

Өрт сөндірушілер дерегінше, қызыл жалынның тұтануына көбіне тұрғындардың қоқыс тастап кетуі, отты жөнсіз қолдануы себеп болады. Бұған дейін ТЖД өкілдері табиғат аясында жабдықталмаған жерде куәп пісіріп, ас дайындағандар қомақты айыппұл салынатынын еске салайық айтқан.

Оразай Нұртай, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир