Алимент төлеу – парыз: Алматы облысында жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды

25.04.2024 01:39

Аймақта 400 миллион теңгедей берешегі бар 2 мыңнан астам тұрғын тұрады

Almaty.tv

Алматы облысында алимент төлемеген, тіпті табыс көзі де жоқ борышкерлер жұмысқа шақырылып жатыр. Талғар ауданының мансап орталығында құзырлы органдар мен кәсіпорын өкілдері арнайы іс-шара ұйымдастырып, қарызға батқан азаматтарға түрлі мүмкіндік ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дерекке сүйенсек, бұл аймақта 400 миллион теңгедей берешегі бар 2 мыңнан астам тұрғын тұрады.

– Келген азаматтың барлығы жұмыс іздеп жүр. Олар – берешек қарызы бар, алимент төлемей жүрген борышкерлер. Міндет – баланың мүддесін қорғау. Осы іс-шара арқылы борышкерлерге жұмыс тауып беріп, алимент төлеткіземіз, – деді облыстық сот орындаушы Дамир Шаханов.

Сот орындаушының айтуынша, жұмыс іздеп келгендер 300 мыңнан бастап 3,5 миллион теңгеге дейін қарыз. Алименттен жалтарғандарға заңмен қарастырылған жаза бар. Прокурорлар «не әкімшілік, не қылмыстық жауапкершілікке тартылады» дейді.

– Заңға сәйкес, жауапқа тартылған азамат жазасын өтегенмен, қарызын төлемейінше борышкер болып қала береді. Себебі мұнда кәмелетке толмаған баланы қамтамасыз ету мәселесі бар. «Жазамды өтедім» деп алимент төлеуден жалтаратын адам көп, – деді Талғар аудандық прокуратурасының аға прокуроры Махаббат Шакарова.

Оқи отырыңыз: Алматыда зейнеткерлерді жұмыспен қамтыйтын жаңа жоба таныстырылды