Оңтүстік Кореядан оралған Жамбыл облысының тұрғыны карантиннен қашып кеткен
NurPhoto
Алайда аурудың ешқандай клиникалық белгілері байқалмаған азаматша 14 күнге оқшаулауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Коронавирусқа қарсы карантинге жатудан жалтарған Жамбыл облысының тұрғыны оқшауға алынды. Әлеуметтік желілерде Оңтүстік Кореядан оралған азаматшаның карантиндік міндеттемелерді орындамауы туралы ақпарат тараған болатын. Құзырлы органдар Тараз қаласының тумасының кім екенін анықтап, оған түсіндіру жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Азаматша 14 күнге карантиндік изоляторға жатқызылыпты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде оның жағдайы қалыпты және аурудың ешқандай клиникалық белгілері анықталмаған.
Айта кетейік, карантиндік тәртіпті бұзған тұлғалар заң алдында жауапқа тартылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34