Алматы облысының Талғар ауданында зәбір көрген қыздың жағдайы орташа ауыр

Алматы облысының Талғар ауданында зәбір көрген қыздың жағдайы орташа ауыр
Ақ халаттылар қыз баланың денесінде көгерген іздер болған дейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазір 2 сынып оқушысы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер бүлдіршінге «қатыгездік синдромы» деген диагноз қойған, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Ауруханаға түскен кезде қыз баланың денесінде көгерген іздер болған дейді ақ халаттылар.

«Денесінде көптеген көгеру гематомалары жоғары, аяқ-қолында, кеуде қуысында, мойнында. Бала қазір хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы орташа ауырлықта. Онымен медицина қызметкерлері айналысуда, соның ішінде психолог-дәрігерлер», - деді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Асқар ҚАЛИЕВ.

Қазіргі таңда дәрігерлер экспертиза жасалды, енді сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтеміз дейді.

«Сараптама жасалып қойды, қорытындысын күтіп отырмыз. Бала есінде, сұрақтарға жауап береді, тамағын ішеді, анасы қасында, емін алып жатыр. Күнделікті психолог дәрігерлер қасында, бірге жұмыс жасап жатыр», - деді  Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының медициналық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар ҚАЛИЕВ.

Еске сала кетейік, 7 наурыз күні Алматы облысы Талдыбұлақ ауылында 30 жасар ер азамат 2 сынып оқушысын ұрлап кетіп, зорламақ болған. Оны иесіз, бос жатқан ғимараттың жертөлесіне апарып, арам ойын жүзеге асырмақ болыпты. Қызға іздеу салған ата-анасы оны 2 сағаттан кейін, ұялы телефоны арқылы тауып алған. Айуандық әрекетке барған күдікті қазір қамауда, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Новости партнеров