|
14.11.2019 | 15:31
3445

Алматыда 50-ге жуық әйел жаңа мамандық игерді

«Бақытты Отбасы» орталығы ауданда 1955 көпбалалы анаға және аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсеткен

Алматыда 50-ге жуық әйел жаңа мамандық игерді

Бүгін тігін және кондитерлік істі бітірушілерге арнайы сертификат берілді.  Бас-аяғы 50-ге жуық Алмалы ауданындағы аналар сөйтіп әрі қарайғы бизнесіне серпін алды. Айта кетерлігі, келіншектер курсқа қатысқан кезде, олардың балаларына да арнайы оқыту курстары қатар ұйымдастырылады екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Осындай «Бақытты отбасы» жобасына қатысып, қол өнермен айналысуға, киіз басуға үйреніп, теріден басып жұмыс істетіп үйреткен ұстаздарымыз Наталья мен Оксанаға рахмет. Жоба өте қызыты және көп нәрсе үйретті. Әлі талай белестерге жетеміз деп ойлаймын», - деді Арайлым НҰРПЕЙІСОВА.

Айта кетейік, 50 іскер ананың сертификат алуы тек Алмалы ауданы ғана бойынша. Бұдан бөлек, қаланың өзге де аудандарында мұндай оқыту курстары қарқынды жүргізіліп жатқанын айттық. «Бақытты Отбасы» орталығы ауданның 1955 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына құқықтық және психологиялық мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беріп, ресурстық қолдау көрсетуде.

«Сол сертификаттармен олар ертең «Бизнес бастау» бағдарламасына қатысып, грант жеңіп ала алады. Қазіргі нарықтық заманында жаңа көзқараспен қажетті іспен айналыса отырып, көпбалалы аналар өздерінің потенциалдарын қолдана алады», - деді Алматы қаласы Алмалы ауданы əкімі аппаратының əлеуметтік сала бөлім басшысы Бану МАНАПОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир