|
11.07.2023 | 20:42
2163

Bolashak Bright: қайырымдылық жобасының жеңімпазы анықталды

Қор игі шаруаны биыл ақпан айынан бастап қолға алған

Bolashak Bright: қайырымдылық жобасының жеңімпазы анықталды Almaty.tv

«Bolashak Bright» қайырымдылық жобасының жеңімпазы анықталды. Астаналық тұрғын бүгін елімізге танымал «Ninety One» тобының әншілерімен кездесуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараны «Болашақ» қоры ұйымдастырып отыр. Мақсат – жомарттық жасап жарысу. Оған кез келген адамның қатысуына болады. Алдымен белгілі бір мөлшерде ақша төлейді. Кейіннен көпшілік арасынан ұтыс ойыны арқылы жеңімпаз анықталады. Ал жиналған қаражат ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалады. Бұл – шет мемлекеттерде бұрыннан бар тәжірибе. Қор игі шаруаны биыл ақпан айынан бастап қолға алған.

– Қайырымдылықтан жиналған қаражат «Kobelek Balalar» қорына беріледі. Алдағы уақытта ауқымын кеңейтіп, жалғастыру ойымызда бар. Ай сайын шақырылатын қонақ пен ұтыс жүлдесін өзгертіп отырмақпыз. Бәрі ашық әрі әділ болады. Оны жоба сайтынан немесе әлеуметтік желілерде кез келген адам бақылай алады, – деді қайырымдылық жобасын ұйымдастырушы Азамат Божақ

Өткен жылы еліміз дүниежүзілік қайырымдылық рейтингінде бес саты жоғарылап, 93-орынға тұрақтады. Қазір әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыратын 40-қа жуық қайырымдылық ұйым жұмыс істейді екен.

Біз жақында «Болашақ» жобасына қатысқан болатынбыз. Ол жерде адамдар ақша жинайды. Біз сол адамдардың ақша жинауына, адамдардың жиналуына себепкер болдық, – деді  «Ninety One» тобының әншісі Дулат Мұхамедқалиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир