Жыр Құлагерінің 125 жылдығы Алматыда жалғасты

Жыр Құлагерінің 125 жылдығы Алматыда жалғасты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында ақынның құрметіне арналған керемет кеш өтті. Келген халықтың саны өте көп. Барлығы шайырдың жырын сағынғандай. Концерттік бағдарлама алдымен арынды ақын туралы дайындалған фильмнен басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Онда Ілиястың өмір жолы баяндалған. Одан кейін, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау хаты оқылып, шаһар басшысының атынан Ілияс Жансүгіровтің ұлының иығына шапан жабылды. Бұл – алашқа әйгілі азаматтың ұрпағына деген үлкен құрметтің белгісі.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда қалалық өнер ұжымдары мен дәстүрлі өнер иелері Ілияс Жансүгіровке арналған жырдан шашу шашты. Сондай, эпик ақынның бейнесін сомдаған сахналық қойылым да қойылды.

Арнат Дүйсен, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров