|
01.02.2021 | 20:42
4637

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актерлері үйінен айырылып қалуы мүмкін

2010 жылы облыстың бұрынғы әкімі «Дәрігерлер үйінен» актерлерге 1-2 бөлмелі баспана кілтін салтанатты түрде табыстаған

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актерлері үйінен айырылып қалуы мүмкін Almaty.tv

Петропавлда Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актерлері 10 жылдан астам тұрып келген үйінен айрылып қалмақшы. 2010 жылы облыстың бұрынғы әкімі «Дәрігерлер үйінен» актерлерге 1-2 бөлмелі баспана кілтін салтанатты түрде табыстаған. Енді Денсаулық сақтау басқармасы бұл үйлерді кері қайтарғалы отырған көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актерлері 11 жыл тұрған үйлерінен айрылып қалуы мүмкін. 2010 жылы аймақ басшысы 19-ықшам ауданында орналасқан «Дәрігерлер үйінен» 4 отбасыға пәтерлер берген. Гүлназ Гайнуллина баспана алған жандардың бірі. Қазіргі уақытта 2 баланың анасы жанұясымен далада қаламыз ба деп қорқады.

«Енді үй берілмесе, білмейміз, амал жоқ енді, жұмыстан кетеміз. Не істейміз? Қайда барамыз біз? Біздің жалақымыз былай да былай  пәтер алуға жетпейді. Мынау 2-3 баланы өсіріп жеткізу үшін пәтер жалдап тұрсақ, ол ештеңеге жетпейді», – деді актриса Гүлназ Гайнуллина.

Нұрбол Асқаров  – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ол да пәтер алған жандардың қатарында. Әйелі екеуі қазақ сазды драма театрында 7 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді. Сөзінше, үйді бермеген жағдайда туған жерге қайтуға тура келеді.  

«Біз бір жыл бұрын әкімінің қабылдауында болғанбыз. Бізге пәтерлеріңді ауыстырып береміз деп уәде берген. Енді бір жыл өтті ешқандай нәтиже жоқ. Сондықтан да біздің талабымыз  бұл пәтерді бізге ауыстырып беру немесе жеке меншігімізге ауыстырып беру. Бірақ біз  дәрігерлер үйіне ешқандай таласымыз жоқ. Егер бізге пәтер, беретін болса, басқа біз пәтерді босатуға қолдаймыз», – деді актер Нұрбол Асқаров.

Алайда үй дауына келгенде Денсаулық сақтау басқармасы жауап беруден бас тартты. Ал, мәдениет басқармасы бұл мәселе қашан шешілетінің нақты айта алмады.

«Әкімдіктің қолдауымен бүгінгі таңда мынау ведомстволық пәтерлер бойынша сұрақты шешіп талқылар жатырмыз. Оның нақтысын мен әлі айта алмаймын. Қашан шешілетінің де айта алмаймын. Осы жылдың ішінде бұл сұрақты шешеміз», – деді СҚО Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әбдырысов.

Бүгінгі таңда С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрында 20 шақты актер қызмет етеді. Олардың орташа жалақыласы жұмыс тәжірибесіне байланысты дейді мамандар. Мәселен, 20 жылдай істеп жатқан актерлердің жалақысы 113 мың тг., 10 жылдан жұмыс істеп жатқан актерлердің жалақысы 106-110 мың. Ал жаңадан келген қызметкерлер айына 80 мың тг алады екен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир