Тілшіміз экстремизм тақырыбындағы үздік ролик иесі атанды

Тілшіміз экстремизм тақырыбындағы үздік ролик иесі атанды
Байқауға 55 журналистен 120-дан астам публицистикалық материал келіп түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда діни экстремизмнің алдын-алу мақсатындағы журналистер арасында үздік шығармалар байқауының жеңімпаздары анықталды. Сайысты Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының бастамасымен Ұлттық журналистік зерттеу орталығы өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Бәйгеде біздің арнаның тілшісі Әйгерім Ердәулет жүлделі орыннан көрінді. Кіл мықтылар арасынан дара шыққан әріптесіміз «Интернет желісіндегі ең үздік бейнеролик» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды. Байқауға 55 журналистен 120-дан астам публицистикалық материал келіп түскен. Конкурс жеңімпаздарына грамотамен бірге электросамокат табысталды.

«Бұл байқаудың маңызы зор деп айтамыз. Өйткені қоғамдағы қазіргі күндегі өзекті мәселенің бірі -  экстремизм. Қазір білесіздер, діннің атын жамылып, түрлі диструктивті топтар халықтың арасында бүлік туғызғысы келетін топтар бар. Міне сол топтардың арам пиғылына ермей, дұрыс ақпарат алу үшін, осы журналистердің рөлі өте зор деп білеміз», - деді Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар ЕСЕНБЕКОВ.


«Жалпы, ұжымдық еңбек. Материал негізінен «Жусан» операциясы туралы болды. Біз Сирияға кеткен бір отбасының тағдырын баяндай отыра, өзгеге ой салатындай дүние жасағымыз келді және де ол өзінің нәтижесін беріп жатқан сыңайлы. Жеңіл тақырып емес, үлкен ер адамның жылап тұрып, сұхбат бергенінен кейін, өзіме бір өмірлік сабақ алғандай болдым», - деді «Алматы» телеарнасының тілшісі Әйгерім ЕРДӘУЛЕТ.

Новости партнеров