|
14.09.2019 | 22:20
3195

Биыл алғаш рет мерекелік шаралар «Атакент» көрме орталығында өтті

Ертең тұрғындарға тонна жемістер тегін таратылмақ

Биыл алғаш рет мерекелік шаралар «Атакент» көрме орталығында өтті

Алматыда қала күнін кең көлемде атап өтетін қоғамдық орындар саны жыл сайын артып келеді. Биыл алғаш рет мерекелік шаралар «Атакент» көрме орталығында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала күніне орай ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шараға халық  көп жиналған. Жастарымыз алаңда қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жатса, сахна төрінде әндер айтылып, күйлер шертілді. Тіпті Алматы қаласының символы ретінде «алманың» жәрмеңкесі де ұйымдастырылыпты.

«Атакент» көрме орталығында ауданымыздың тұрғындарына арналып, үлкен мерекелік іс-шара өтіп жатыр. Эстрадалық жұлдыздардың қатысуымен концерттік программа, студенттердің, жастардың бәрін тартып, 5 ұлттық спорт түрлерінен ойындар өткізіп жатыр, сыйлықтар арнайы беріліп жатыр және ата-бабамыздың аңсаған, қанша жыл бойы тәуелсіздігінің бесігін тербеген - осы біздің Алматы қаламыз», ¬- деді Бостандық ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Бекжан ҚУАНЫШОВ.

Алматыға деген махаббатын әр тілде білдірген қала тұрғындары іс-шараға белсенді ат салысуда. Жастардан 30-дан астам жоғары және орта оқу орындарының студенттері мерекені абыроймен өткізуге жиналған. Көңіл күйлері көтеріңкі тұрғындар, бір-бірін құттықтап, ақ тілектерін айтуда

«Алматы қаласының әдемі сондай жақсы күндерінің бірінде қала күнін өткізіп жатырмыз. Жастық шағымыздың қаласы. Қаламыз қашан да өркендей берсін. Өте әдемі сондай мереке болып жатыр. Сондай көңілдіміз. Барлық қала тұрғындарын құттықтаймыз», - деді тұрғындардың бірі.

«Жастар жылына» орай көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Тек қана сәттілік тілейміз», - деді тағы бірі.

Қойылған концерттік бағдарламада 14 жасқа толмаған әнші бүлдіршіндер мен аниматорлар да өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, жаңа әнін тұрғындарға тарту еткен қазақтың талантты актрисасы еліміздің ірі мегаполисіне айналған жасыл қаламыздың кейбір өзекті мәселелерін де айта кетті.

«Жасыл теректеріміз, гүлдеріміз көп. Бірақ дегенмен енді, «Алматы» деп аталғанымен алмаларымыз азайды. Соны қолға алу керек. Адамдар табиғатты аяласа дегім келеді», - деді әнші,тележүргізуші Аша МАТАЙ.

Жалпы қала күні жылда өткенімен, биылғы мереке ерекше дейді алматылықтар. Көптеген кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғындарға сауықтыру кешендері мен көңіл көтеру орындарына билеттер ойнатылды. Ал ертеңгі өтетін мерекенің жалғасында Алматының дәмді алмаларының дегустациясы болып, тонна жемістер халыққа тегін таратылмақ.

Аяулым Көлжігіт, Ялкунджан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир