|
20.02.2020 | 20:46
1053

Елжан Біртанов ШҚО-ға коронавирусқа шалдыққан қытайлар әкелінді дегенді жоққа шығарды

Министр шекара жабылғанын еске салып, көпшілітен қауесетке ермеуді сұрады

Елжан Біртанов ШҚО-ға коронавирусқа шалдыққан қытайлар әкелінді дегенді жоққа шығарды 7kun.kz

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Сарытерек пен Айнабұлақ ауылдарына коронавирусқа шалдыққан қытайлықтар әкелініп, карантинге жабылады деп айтылып жүрген әңгімені жоққа шығарды. Министр көпшілікке шекара жабылғанын еске салып, қауесетке ермеуді сұрады. Министр аталған елдімекендердің тұрғындары кеше түнде көшеге шығып, өздерін қауіптен қорғауды талап еткенін алға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгінгі таңда шекарадан өтіп жүрген аз адам бар. Олар – екі ортада сауда-саттықпен айналасып жүрген біздің азаматтарымыз. Кезінде Қытайға өткен олар қазір еліне оралғысы келеді. Қазақстанға қайтып келген оларды біз тексеретін боламыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.      

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир