Елімізде көп ұзамай университтер саны қысқарып, сапасы көтерілмек

Елімізде көп ұзамай университтер саны қысқарып, сапасы көтерілмек
Бұл туралы ЖОО қауымдастығы президенті Рахман Алшанов мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда көптеген оқу орындары университет болу үшін бірнеше мамандықтар ашып, енді соны игере алмай жатыр. Салдарынан түлектері оқу бітірген соң жұмыс таба алмай қиналады. Гранттар бөлінгенмен, кейбір мамандықтарға өңірлерде сұраныс жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында еліміздің Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Оның айтуынша, студенттердің саны өсіп, университтер көбейгенімен, білікті оқытушылар қатары мүлдем артпаған. Жалпы, Қазақстандағы университеттердің 10-15 пайызы талаптарға сай келмейтін көрінеді.

«Шымкенттегі әлеуметтік университеттің 3000 текше метр жері бар. 30 мыңнан астам бала оқиды. Ал сол сияқты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 27 мың студент оқиды. Алып жатқан орындары 280 мың текше метр. Сол ректор айтады «орын жетпей жатыр» дейді. Сонда қалай? 3 мың неге 100 есе аз. Бірақ 6000 есе бала оқытады. Неліктен? Осыған байланысты олар қашықтықтан оқытамыз деп айтып отыр. Жүйе жоқ», - деді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман АЛШАНОВ.

Қазақстанда 130-дан астам университет бар. Жақын арада олардың саны қысқарып, кейбіреулерінің дәрежелері өзгертілуі мүмкін. Сонымен қатар кейбір жоғары оқу орындарына бірігу ұсынысы жасалған. Алайда мамандар, оларды қосу білім сапасын жоғарылатып, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешпейді дегенді алға тартады.

Новости партнеров