«Алматы» телеарнасының жеке номинациясы вице-мисс атанған Әсел Абдыхалиеваға бұйырды
«Алматы аруы» байқауының биылғы жеңімпазы анықталды. Қазылар алқасының шешімімен 19 жастағы Елдана Сауранбаева сұлулық сайысында үздік атанды. Байқауда 20 үміткердің сегізі гранд-финалға өтуге мүмкіндік алған. Мегаполистің жарқын іс-шараларының бірі саналатын конкурста биыл серіктестердің қатарында болған «Алматы» телеарнасының жеке номинациясы вице-мисс атанған Әсел Абдыхалиеваға бұйырды.
– «Алматы» телеарнасының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастыру комитетімен бірлесіп, «Almaty tv» аруын таңдадық. Біздің талабымыз өзгеше болды. Арулардың сөйлеу мәнері мен көрерменді баурай алатын қабілетіне мән бердік, – деді «Almaty tv» арнасының бас продюсері Ралида Мұқанова.
Оқи отырыңыз: Аламан құрақ: еліміздің шеберлері рекорд орнатуды көздеп отыр