Виртуалды аяқ киіммен ақша табуға болатынын естіп пе едіңіз? Қазақстандық азамат бар болғаны күнделікті жаяу жүргені үшін табыс тауып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аян Кучуков осы жылдың көктемінде арнайы қосымшаны жүктеген. Ол NFТ-технологияларды дамыту арқасында мүмкін болғанын айтады. Бүгінде бұл жүйе бүкіл әлемде қарқынды дамып келеді.
Қазақстанда NFT саласы енді ғана дамып келеді. Ол сурет, фотосурет, бейне, музыка және сыйлық болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, ерекше деп саналатын кез-келген контент. Бұл коллекционерлер, ойыншылар мен өнер сүйер қауым арасында өте танымал және оны аукциондар арқылы алып, сатады. Осылайша пайда көзіне айналған.
«Біз әртүрлі жетістіктерді көріп отырмыз, онда адамдар 1000 немесе 2000 доллар NFT сатып алған кезде, оның құны 5 мың және 10 мың доллар болуы мүмкін. Бір сурет жүздеген мың доллар тұратын жағдайлар бар. Мұның бәрі сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Егер Үндістанда бай миллиардер сіздің суретіңізді ұнатса және ол суретке тең келер болмаса, ол маған қомақты қаражат төлеуге дайын екенін білдіреді», – деді инвестициялар саласындағы сарапшы Аян Кучуков.
Бірақ Аян Кучуков NFT – бұл жаңа, сонымен қатар қауіпті нарық екенін жасырмайды. Ақша табуға да болады, бір сәтте одан қағылуы да ғажап емес. Сондықтан шешім қабылдар алдында барлығын мұқият зерттеп алған абзал. Алайда, Аян виртуалды аяқ киімнен ақша табу мүмкіндігін таңдаған. Виртуалды аяқ киім арқылы ақша табу үшін ашық ауада смартфонмен жүру немесе жүгіру керек. Бұл үшін сізге монеталар есептеледі. Кейін оларды криптовалютаға айырбастай аласыз, ал оны өз кезегінде теңгемен қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Жан Душаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда бірқатар NFТ-жоба әзірленуде. Мысалы, жақын арада мектептер үшін түрлі шығынды қажет ететін зерттеуді виртуалды ғаламда өткізу мүмкіндігі болады.
«Көзілдірік, дулыға киіп, біз виртуалды әлемге енеміз. Сонда бәрін жасаймыз. Бірақ қазір бұл аралас ғалам болады деген түсінік пайда болды. Салыстырмалы түрде айтсақ, толықтырылған шындық бар, егер қазір мұнда ештеңе болмаса, біз көзілдірік кигенде өзара әрекеттесетін сандық заттар пайда болады», – деді стартапер Жан Душаев.
Жан Душаевтың айтуынша, NFT құру уақыт талабы. Біріншіден, сандық өнердің үлкен халықаралық әлемі. Бұл суретшілерге, музыканттарға және кез-келген авторларға жаңа нарықта өз күштерін сынап көруге тамаша мүмкіндік береді екен.
Асылбек Тойбек, Нурлан Утегенов, «Алматы» телеарнасы