Ұлттық қордан аударылатын ақша: қай жылы туғандардан бастап беріледі

04.09.2022 01:49

Бала шотына аударылатын ақша мәселе әлі пысықталып жатыр

philanthropy.ru

Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақша қай жылы туғандардан бастап беріледі? БАҚ өкілдері Үкімет кулуарында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа осындай сұрақ қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, бала шотына аударылатын ақша мәселе әлі пысықталып жатыр. Бірақ 2024 жылы туғандардан бастап қана бөлінеді деген жоспар жоқ.

«Оны қазір ойластырып жатырмыз. Бірақ 2024 жылдан бастап осы жүйе енгізіледі. Жалпы, бүкіл Қазақстан бойынша 18 жасқа толмаған балалардың бәрі саналатын болады. Тек қана жаңа туған емес, барлық балаларға аударылады», – деді министр.

Оқи отырыңыз: 

Баланың шотындағы қаражат қандай валютада сақталады?