2050 жылы Қазақстанда әрбір бесінші тұрғынның жасы 60-тан асады - БЖЗҚ

Photo by wJ on Unsplash
Photo by wJ on Unsplash

Бұл кезеңде елімізде халық саны 26 миллионнан асады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 26 миллионнан асады және орта есеппен әрбір бесінші қазақстандық 60 жастан асқан болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

2024 жылдың қорытындысы және болжамдар

2024 жылы әртүрлі елдердің, соның ішінде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне айтарлықтай әсерін тигізетін халықтың қартаюы мен бала туу көрсеткіші төмендеуінің жаһандық үрдісі жалғасын тапты. Әлем өзінің демографиялық ауысуында бетбұрыс кезеңін бастан өткеруде. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда да атап өтілді: "Адамзат тарихында алғаш рет 65 жастан асқан адамдардың саны бес және одан кіші жастағы балаларға қарағанда көбірек".

"2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20,3 млн асты, оның ішінде 25 жасқа дейін – 8,7 млн адам (42,8%), 25-тен 65 жасқа дейінгі жастағы адам саны – 9,7 млн адам (48,0%), 65 жастан асқандар саны – 1,9 млн адам (9,2%)", - делінген БЖЗҚ зерттеуінде.

Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді. 

Өмір сүру ұзақтығы және қарттардың үлесі

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2020-2021 жылдардағы пандемия кезінде төмендегеннен кейінгі 2021 жылғы 70,23-тен 2024 жылы 75,44 жасқа дейін өсті.

БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдары 2050 жылға қарай өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді (халықтың жалпы санындағы 60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2009 жылғы 9,7%-дан 2024 жылы 13,9%-ға дейін өсті және 2050 жылға қарай 19%-ға дейін өседі деп болжануда. Яғни, 2050 жылға қарай орта есеппен әрбір бесінші қазақстандық 60 жастан асқан болады). 

Жалпы туу коэффициенті

Халық құрылымына туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) айтарлықтай әсер етеді, бұл бір әйелдің репродуктивті кезеңде орташа есеппен қанша рет босанатынын көрсетеді (яғни шамамен 15-50 жас).

Бұл көрсеткіш 2021 жылғы 3,32-ден 2024 жылы 2,80-ге дейін төмендеді. БҰҰ болжамдарына сәйкес, Қазақстандағы туу коэффициентінің 2050 жылға қарай бір әйелге шаққанда 2,42 балаға дейін одан әрі төмендеуі күтілуде.

Бала туудың төмендеуі бүкіл әлем үшін жаһандық үрдіс болып табылады. Туу көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеп, өмір сүру ұзақтығының артуы жағдайында еңбек нарығына адамдар аз араласа бастайды, зейнеткерлер мен еңбекке қабілетті халық арасындағы теңгерімсіздік одан әрі өсуде.

Көші-қон сальдосы

UNFPA-ның (БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қоры) Қазақстандағы өкілдігі Қазақстан Республикасының халқын қоныстандыру саласындағы жағдайды талдау[2] есебінде біртіндеп 2050 жылға қарай 1000 адамға шаққанда 0 көші-қон сальдосына қол жеткізілетінін болжайды, бұл "республиканың жұмыс күшіне деген жоғары сұранысынан, елеулі этникалық эмиграция әлеуетінің біртіндеп сарқылуынан, Қазақстанның оңтүстігіндегі елдердегі халықтың жылдам өсуінен көрінетін экономикалық дамуымен түсіндіріледі".

Төменде 2016-2024жж. иммигранттар мен эмигранттар саны көрсетілген:

Көріп отырғанымыздай, пандемиядан кейін Қазақстанға келушілердің жыл сайынғы саны соңғы үш жылда 2,7 есеге өсті, ал 2020 жылдан бері кеткендердің саны 2,3 есеге азайды.

Әлеуетті қолдау коэффициенті

65 жастан асқан адамдардың санына бөлінген еңбекке қабілетті жастағы (25 жастан 64 жасқа дейін) адамдардың саны ретінде есептелетін әлеуетті қолдау коэффициенті одан әрі төмендеуде.

«Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25-64 жас) зейнеткерлерге (65+ жас) арақатынасы 2012 жылғы 7,7-ден 2024 жылы 5,2-ге дейін төмендеді. БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдарына сәйкес, Қазақстанда әлеуетті қолдау коэффициенті 2050 жылға қарай 3,4-ке дейін төмендейді, бұл еңбекке қабілетті халыққа түсетін "жүктемені" арттырады», - дейді БЖЗҚ мамандары.

Оқи отырыңыз: Үш жылда 800-ден астам автокөлік заңсыз тіркелген

Новости партнеров