Шетел азаматы ұшақта инсульт алған
Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне уақтылы көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 17 тамызда Токио – Цюрих бағытындағы әуе рейсінің жолаушыларының бірі ұшу барысында өзін нашар сезінген. Жапония азаматы инсульт алып, ұшақ Астана қаласының әуежайына шұғыл қонған.
«Елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Жапония елшілігіне жедел хабарлады. Осыдан кейін ол шұғыл ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Аталған жолаушы денсаулығы тұрақталған соң отанына аман-есен оралған.
Оқи отырыңыз: Президент Қырғызстан шекарасында сауда-логистикалық кешен салу туралы заңға қол қойды