Алматыда синтетикалық есірткі жарнамалары жойылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Акцияға полиция қызметкерлерімен бірге еріктілер тобы қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда полиция қызметкерлері еріктілер тобымен бірлесіп, синтетикалық есірткі жарнамаларын жойды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Мамандар «қала көшелеріндегі менмұндалап тұрған құпия жазулар көбінесе жасөспірімдердің санасын улайды» дейді. Еліткіш заттарды заңсыз сату, сақтаумен айналысқандардың қатарында кәмелет жасына толмағандар да кездесетінін айтады. Ал бүгінгі акцияға қырықтан астам ерікті қатысқан. Олар қоғамға кері әсерін тигізіп жатқан есірткі айналымына бей-жай қарай алмайтынын жеткізді.

– Біз мұндай акцияларды жиі ұйымдастырамыз. Еріктілер де бар ынтасымен келіп қатысады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, биыл есірткі жарнамаларының едәуір азайғанын байқаймыз. Былтыр еріктілермен бірлесе отырып, 300 мыңға жуық құпия жарнаманы жойдық, – деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 220 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды

Новости партнеров