Қазақстанда 220 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды

abai.kz
abai.kz
Елге конструктор ретінде кіргізілген 17 мың темір тұлпарға қазақстандық нөмір берілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге заңсыз әкелінген 220 мыңнан астам автокөлік тіркеуге алынды. Елге конструктор ретінде кіргізілген 17 мың темір тұлпарға қазақстандық нөмір берілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ішкі істер министрлігінің ақпарына сай, шетел көліктерін заңдастыру кезінде түрлі қиындық болған. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде есептен шығарылмаған автокөліктерді уақытша заңдастыру қабылданды. Осы күні 14 мың жүргізуші темір тұлпарын уақытша 5 жылға тіркеген. Сонымен қатар Грузиядан әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген шамамен 15 мың көлік бар.

– Олардың барлығы ескі және экологиялық талаптарға сай келмейді. Кеденде рәсімделмеген. Үкімет заңдастыру шеңберінде экологиялық талапқа сәйкестігін растауды қажет етпейтін арнайы ереже бекітті. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген, қылмыстық мәселе қатысы жоқ автомобиль мәселесі толық шешілгенін атап өтуге болады, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін кіргізілген көліктер тіркелмейді. Полицейдің сөзінше, елде 124 мың тұлпар бар. Оның 95 мыңы кедендік рәсімдеуден өтіп, утиль алымы сияқты шығындарды төлеп тіркелсе, қалғандары заңдастыру науқаны арқылы есепке қоюды талап етіп отыр.

– Бұл – заңсыз талап. Өздеріңіз көрдіңіздер, әлеуметтік желілерде түрлі шеруге шақырып, талап қойды. Қазіргі таңда Қазақстан азаматтары ҚР заңына бағынуымыз керек, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Оұи отырыңыз: Алматыда қандай қоғамдық көлік бағыты уақытша өзгереді

Новости партнеров