Қалада пәтер жөндеу немесе үй салу маусымының қазір нағыз қызған кезі. Осыған орай «Dveri City» компаниясына жаңа үлгідегі топтамалардың жеткізілгенін хабарлаймыз. Үйіңізге сапалы әрі қолжетімді бағада есік іздесеңіз, сауда үйінің өкілдері қызмет көрсетуге дайын. Отандық нарықта 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан компания ресейлік әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Мұнда тұтынушылар үшін бөліп төлеу мен жеткізіп беру қызметі де қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Есік шаңырағыңыздың қауіпсіздігі ғана емес, сіздің талғамыңыздың да көрсеткіші. Дұрыс таңдалған бұл интерьердің бір бөлшегі үйіңізге жайлылық пен эстетикалық әсемдік сыйлайды.
Бұл ретте «Dveri City» компаниясы біраз жылдан бері көпшіліктің көңілінен шығып келеді. Сауда дүкенінде орташа сападағы есіктің құны 10 мың теңгеден жоғары. Сыртқы есіктермен бірге бөлме аралық есіктердің 100-ден астам түрі бар. Онымен қоса, ай сайын жаңа топтамалар да жеткізіліп отырады. Тұтынушылар үшін жеңілдіктер де қарастырылған.
«Есіктермен қосымша тағы да ламинаттар бар, плинтустар бар және есіктің тұтқалары сынды қосалқы бөлшектері де бар. Ол тауарлар 33 класс. Ол деген кеңсе нұсқасы деп айтамыз ғой. Жырылмайды, сырылмайды. Су тисе көтеріліп кетпейтін. Сапалы. Ол да Ресейден келеді», – деді «Dveri City» Компаниясының директоры Жансая Мәлікомарқызы.
Компания өкілдерінің айтуынша, биыл классикалық үлгідегі ағаш есіктер трендке айналған. Соңғы жылдары бұл бұйымды таңдауда тұтынушылар арасында талғам да жоғарлады дейді. Қала тұрғыны Рысбек Аташ үйінде жөндеу жұмыстарын аяқтап, енді есік іздеп жүргенін айтады.
«Бірақ енді есік деген кезде ең бірінші осында келеміз енді. Қазір бір ассоциация қалыптасты ғой халық арасында. Осы фирмаға келіп, осы жерден қараймыз. Әртүрлі, қымбат есіктер бар, арзан есіктер бар. Қолайлы етіп жасаған ғой», – деді қала тұрғыны Рысбек Аташ.
«Бұған дейін қызым үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізген еді. Сол кезде керекті есіктерін осы дүкеннен келіп таңдаған. Енді қызымның кеңесімен мен де осында келіп отырмын. Айтуынша, мұндағы есіктер сапалы әрі бағасы да көңілге қонымды», – деді қала тұрғыны Роза Жүсіпова.
Компания алдағы бір ай көлемінде есіктерді көрші елден тасмалдамай, өздері өндіруді қолға алмақ. Қазір ол үшін қажетті құрал жабдықтарды сатып алу мен орын дайындауға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осылайша отандық өнім өндіруші компаниялардың санын көбейтпек ниетте.
Ұлағат Арғын, Сағынтай Мұңайтпасов, «Алматы» арнасы