Кентауда үшем дүниеге келді

23.08.2024 02:06

Ата-анасы нәрестелерді Бағым, Аңсар, Аслан деп атады

Фото: Кентау қаласының әкімдігі

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының тұрғыны Бақытгүл Саттархан үшемді дүниеге алып келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін бір баласы бар Ермахановтар отбасы бірден төрт сәбилі болды.

Үшемдердің екеуі ұл, біреуі — қыз. Ата-анасы нәрестелерді Бағым, Аңсар, Аслан деп атады. Олардың бұдан бөлек 2 жасар Асылым атты қызы бар.

Сәбилер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келген. Сондықтан 2 айға жуық дәрігерлердің бақылауында болды. Қазіргі таңда балалардың да және ананың да жағдайы жақсы.

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова үшемдердің шаңырағына барып, қала әкімінің құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ сәбилерге арналған сыйлықтарды табыс етті.

Оқи отырыңыз: Қаржылық дербестік аймақтағы мәселені шешуге мүмкіндік бермек