|
14.09.2019 | 22:28
7580

Спортшылар Алматыны мерекемен құттықтады

Спортшылар Алматыны мерекемен құттықтады

Алматы - талай әлемге танымал тұлғалардың сүйікті қаласы.  Қала күніне орай алыс-жақын шетелдерден дипломатия өкілдері, спорт және өнер жұлдыздары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.  

«Аса құрметті Алматылықтар! Халқымды, елімді, спорт жанкүйерлерін, барлықтарын жылдағы Алматы күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, жастарымыз мен сияқты чемпион болып көк-байрағымызды желбіретіп, халқымызды дүниежүзіне танытатын жастарымыз аман болсын. Әрқашанда тыныштық, бейбітшілік болсын!», - деді олимпиада чемпионы Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ.

«Құрметті алматылықтар! Сіздерді қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мен үшін Алматы әлемдегі ең ауа таза, ең тамаша қала болып қала береді. Осы қалада өмір сүріп жатқан сіздер бақыттысыздар! Қаламыз күннен-күнге көркейіп келеді. Спортпен айналысыңыздар. Тек қана алға!», - деді олимпиада чемпионы Александр ВИНОКУРОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир