Біртуар тұлғалардың ғибратты ғұмырынан сыр шертетін «Сәуле ғұмыр» бағдарламасының 3-маусымы көрермен назарында

almaty.tv
almaty.tv
Әдебиетте, өнерде, ғылымда, спортта жалпы қазақ қоғамында өзіндік орны бар даңқты тұлғалар аз емес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күз мезгілі  – телевизия мамандары үшін жаңа маусымның бастауы. Осы дәстүрді үзбеген Алматы телеарнасы өз көрерменін жаңашылдықпен қарсы алғалы отыр. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген «Сәуле ғұмыр» бағдарламасы да биыл көрерменді тың бастамаларымен қуантпақ. Үшінші маусымда өнер сүйер қауым қазақ қоғамындағы біртуар тұлғалардың сәулелі ғұмырымен танысады. Бағдарламаның маусымдық жаңалықтарымен Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын бөліссін.

Әдебиетте, өнерде, ғылымда, спортта жалпы қазақ қоғамында өзіндік орны бар даңқты тұлғалар аз емес. Олардың шығармашылығы, сәулелі сәттері, елге сіңірген өлшеусіз еңбегі бағдарламада толығымен қамтылады. Қайраткерлердің тұлға болып қалыптасу жолында кездескен қызықтары мен қиындықтары баяндалады. Бағдарлама Алматы арнасы көрермендерінің көңілінен шыққандықтан жаңаша рең беріліп, қайта ұсынылып отыр.

«Өздеріңіз көріп отырғандай,  «Сәуле ғұмыр» бағдарламасы ток-шоу форматында. Арасында шығармашыл адамдар болады. Жазушылар, ғалымдар деген секілді. Әр саланың өзінің майталмандары солардың сәулелі ғұмырына саяхаттаймыз. Солардың өнегелі ғұмырын дәріптеудің жаңа форматы, жаңа үлгісі», – деді продюсер  Сержан Молдасанұлы.

Қауіпті індеттің қазақ қоғамындағы талай тұлғаның өмірін жалмағаны жасырын емес. Жаңа маусымда жарық көретін бағдарламаға дүниеден озған, әр салада өзіндік орны бар, еңбегін ел ұмытпайтын ұлы адамдардың өмірі арқау болмақ.

«Бағдарламамызда ол кісілер жайлы естілік айтамыз деп ойлаған жоқпыз. Бірақ тағдырдың жазуы шығар, бұл маусымда біз індеттен қайтыс болған актер Дархан Дайырбек, Кеңес ағамыз бар, белігіл журналист Бейсен Құранбек ағамыз туралы хабар түсірдік. Жаңа маусымда біздің көрермендеріміз осы хабарларды көре алады», – деді «Сәуле ғұмыр» бағдарламасының жүргізушісі Аягүл Рамазанқызы.

Биыл әдеби сазды бағдарламаның үшінші маусымы көрерменге жол тартады. Бүгінге дейін қоғамның 60-қа жуық сыйлы азаматы басты кейіпкер ретінде таңдалып, 500-ден астам қонақ өз естеліктерімен бөліскен.  

Жаңа студия, жаңа декорация. Биыл үшінші рет көзіқарақты көрерменге жолтартқалы отырған бағдарламаның көпке ұсынары көп. Мұндағы шығармашылық ұжымның атқарып жатқан еңбегі орасан. Әзірге бар қызықты мәліметтер құпия болып қалсын. Бағдарлама эфирде қыркүйек айынан бастап көрсетіле бастайды.

Жаңа бағдарламаның алғашқы хабары ұлт саулығы үшін алдыңғы шепте жүрген ақ халатты абзал жандарға арналады. Медицинаның тірегі һәм жүрегі бола білген олардың ерен ерлігі айтылады. Бүгінгідей сын сағатта қауіп пен қатердің ортасына ойланбай барған жандар туралы хабарды ертең, яғни 12 қыркүйекте сағат 20:00-де «Алматы» телеарнасынан көре аласыздар.  

Новости партнеров