|
09.10.2020 | 21:34
8229

Алматыда ауқымды түрде құс тұмауына қарсы вакцинациялау басталды

Шаһар аумағы бойынша қанаттыларға салынатын екпенің 5200 мөлшері бар

Алматыда ауқымды түрде құс тұмауына қарсы вакцинациялау басталды Аlmaty.tv

Алматыда ауқымды түрде құс тұмауына қарсы вакцинациялау басталды. Қазір шаһар аумағы бойынша қанаттыларға салынатын екпенің 5200 мөлшері бар. Бұл туралы қалалық ветеринариялық қызмет мәлімдеді. Жетісу ауданындағы үй құстарына қарқынды жүріп жатқан екпе жұмыстарын Almaty.tv тілшісі Аяулым Көлжігіт бақылап қайтқан болатын.

Жетісу ауданының тұрғыны Зинаида Егорова үй құстарының күтіміне ерекше көңіл бөледі. Таңертеңнен жемін беріп, жұмыртқаларын базарға апарып сатып, күн көреді екен. Тіпті, жиі профилактикалық шаралар жасайды. Ал, құс тұмауы басталған уақытта, тегін вакцина салып жатқанын естіп, мүмкіндікті пайдалануға бел буыпты.  

«Вакцинаның қымбат тұратыны белгілі. Мен өзім 11 тауық пет 1 әтеш ұстаймын. Бұл уақытқа дейін сиырыма екпе салуға келген дәрігер үйімде құстарды көріп, вакцина келгенде міндетті түрде егу қажет деді. Қазір тегін тұмауға қарсы вакцинаны алдық. Көп өңірлерде ауру тарап жатыр ғой. Енді уайымдамаймын», – деді қала тұрғыны Зинаида Егорова.

Жалпы Кемел шағын ықшам ауданында құс шаруашылығымен айналысатын 67 үй бар. Мұндағы тіркеуге алынған құстарға 100 граммдық вакцина 200 қанаттыға салынады екен.  Ал, 0,5 милиграммы бір үй құсына, жартысы балапандарға егіледі.

Бұған дейін тіркеуге алынған құстарға қазір біз тұмауға қарсы вакцина салатын боламыз. Көкірек тұсына ине егілетін болады. Енді бұл вакцинадан кейін үй құстары бір жыл бойы ешқандай аурумен ауырмайды.

Негізі жыл сайын вакцинация көктем айларында жүргізілетін. Бірақ биыл пандемияға байланысты кеш басталды дейді мамандар.

«Вакцина Қазақстанда жасалған. 3 күн болды салып жатқанымызға. Ешқандай реакция мен ауру белгілерін көріп жатқан жоқпыз. Үй құстарының иелері мақтап жатыр. Ешқандай шағым жоқ. Біз де өзіміз ертесінен келіп, бақылап жатырмыз. Тауықтарда асқыну байқалмады. Екпе салынған жерлерде ісіну жоқ», – деді қалалық ветеринариялық қызметінің ветеринар дәрігері Омар Кәрібаев.

Қазіргі уақытта мегаполисте 174 аула үй құстарын ұстайды. Ал, құс шаруашылығымен айналысатындар қанаттыларына екпе салдырғысы келсе, қалалық ветеринариялық қызметке хабарласуына болады.

«Бізге осы құс тұмауына қарсы вакцина келгеніне 2 күн ғана болды. Жақында ғана алып, екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңға дейін бізге есеп әр күннің кешкі уақытында беріледі. Шамамен 300-дей құсқа екпе жасалды. Қазан айының аяғына дейін біз бітіруіміз керек», – деді қалалық ветеринариялық қызметтің ветеринариялық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәбит Айтбаев.

Десе де мамандар құс тұмауы мегаполисте және облыс аумағында тіркелмегенін айтады. Ал, қалаға бөлінген вакцинаның 5 мыңнан астам мөлшері қазан айының 19-на дейін 6 мың 595 құсқа салынып бітетін болады.  

Аяулым Көлжігіт, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир