|
21.08.2024 | 21:03
2031

Жапон әйелі әлемдегі ең қарт адам атанды

Ол 20 жасында тұрмысқа шығып, төрт баласын дүниеге әкелді

Жапон әйелі әлемдегі ең қарт адам атанды guinnessworldrecords.com

Жапонияның Аcия қаласының тұрғыны, 116 жастағы Томико Итока әлемдегі ең қарт адам атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Гиннестің рекордтар кітабының сайтында Томико Итока испаниялық 117 жастағы Мария Браньяс қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам атанды.

Томико елдің Хиого префектурасына қарасты Асия қаласындағы қарттар үйінде тұрады.

Үш ай бұрын Томико өзінің 116 жасын тойлап, қала мэрінен гүл шоқтары мен торт (өзіне ұнамағанын мойындады) және құттықтау қағазын алды. Қызметкерлер есту қабілетінің бұзылуына қарамастан, ол анық сөйлейтінін және оларға үнемі алғыс білдіретінін атап өтті.

20 жасында тұрмысқа шығып, төрт баласын (екі қыз, екі ұл) дүниеге әкелді. Немере, шөберелері көп.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың желтоқсанында Томико Итока 116 жастағы Фуса Тацуми қайтыс болғаннан кейін Жапониядағы ең қарт адам атанды.

Дереккөз: Kaz.inform.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир