Н. Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты

twitter.com/Aidos_Ukibay/
twitter.com/Aidos_Ukibay/
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кешенде иілген 21 қанатты көруге болады. Бұл Түркістанда жерленген 21 ханды білдіреді. Есім ханнан Әликен ханға дейінгі бабаларымыздың есімдері мен басқарған жылдары да жазылған. Сондай-ақ, Елбасы «Ұлы дала бірлігі» атты капсуланы салды. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлердің топырағы жиналған. Жобалау құны 1,9 млрд теңге болатын мемориалдық кешеннің жалпы ауданы 0,85 га. 

Жаңа нысанның баральефінде қазақ билерінің, қазақ даналарының көркемсөздері қашалған. Сонымен қатар, ісапар барысында Тұңғыш Президент өзге де әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады.

Новости партнеров