Петропавлдықтар әкімдік уәде еткен үйін ала алмай жүр

10.02.2021 02:03

192 пәтерлі үйдің алдында 20-дан астам қала тұрғыны жиналып базынасын жеткізді

Петропавлдықтар әкімдік уәде еткен үйін ала алмай жүр. «Жас өркен» ықшам ауданындағы 12 қабатты тұрғын үй алдына 20-дан астам қала тұрғыны жиналып, шағымын жеткізді. Олардың айтуынша, баспанаға 2 жыл бұрын кіруі керек еді. Толығырақ өңірдегі Almaty.tv тілшісі тарқатсын.

192 пәтерлі үйдің алдында 20-дан астам қала тұрғыны жиналып базынасын жеткізді. Байқаудан өткенімен екі жылдан бері үйлеріне кіре алмаған. Ал, жалдамалы пәтерге кеткен ақша ипотекаға құйылғанда біраз қарыз өтелер еді дейді салымшылар.

«Байқау 2020 жылдың шілде айында өткен. Бұл үйдің 50 пайызы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының, ал 50 пайызы жергілікті атқарушы органдарға берілген. Сол сәттен бастап үйді тапсыру мерзімі үнемі кейінге шеттелді. Біз пәтеріміздің нөмірін білеміз, бәрін білеміз, бірақ үйімізе кіре алмаймыз», – деді  қала тұрғыны Сәуле Оспанова

«Менің екі бөлмелі пәтерімнің ақысы толығымен төленді. Қазіргі уақытта мен өзім пәтер жалдап тұрмын. Сбербанкке ақша салдым, сондықтан басқа пәтер сатып ала алмаймын», – деді  қала тұрғыны Райхан Сейдахметова.

«Осындай тор бар. Бірақ есіктер ашық. Кез келген адам кіріп, құрылыс материалдарын алып кете алады. Ол қайдан салынады? Қаншама жыл бойы күтіп отырмыз, ал үйдің жағдайы осы», – деді  қала тұрғыны Құдірет Сүлейменова.

Жиналған жұрт тілшілерді шақырған соң әкімдік қызметкерлері де дереу келді. Билік өкілдерінің сөзінше, тұрғындар сатып алған үйлеріне құрылыс компаниясының жауапсыздығынан қол жеткізе алмай жүр.

«Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр. Көріп отырғаныңыздай, біз келісімшарт жасасқан мердігер  міндеттерін орындамай жүр. Үй бос тұр.

28 желтоқсанның соңында осы мәлімдеме бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Қазір өтініш қаралуда. Екінші процесс, егер мен қателеспесем, 16 ақпанға жоспарланған. Онда біз онымен келісімшартты бұзуды сұрадық. Бірақ келісімшарт тоқтатылғаннан кейін біз байқауды қайта бастауымыз керек», – деді  қала тұрғыны қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин

192 пәтерлі үйдің құрылысы 2017 жылы басталған. Оның құрылысына мемлекет тарапынан 2 млрд теңге қаражат бөлінген.

Диана Есім, Азамат Елубаев, «Алматы» телеарнасы, Петропавл қаласынан