Петропавлдағы қазақ сазды драма театрының құрылысы әлі тоқтап тұр

Almaty.tv
Almaty.tv
Әкімдіктегілер ғимараттың жаңа жобасы 20 қазанда дайын болады дейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлдағы қазақ сазды драма театрының құрылысы әлі де тоқтап тұр. 3 жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары үш рет кейінге шегеріліпті. Былтыр қолданысқа берілуі тиіс ғимаратқа мемлекеттен 3,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.       

Алғашқы кірпіші 2018 жылы қаланған мекеме қабырғасы көтерілген күйі өзгеріссіз тұр. Учаске басшысы жұмыстың жалғасып жатқанын айтады. Ал құрылыстың созылып кеткеніне ғимарат жобасының қайта жасалып жатқаны себеп дейді мамандар.  

«2019 жылы басталған құрылыс болатын. Бүгінгі күні бастапқы жобаның өзгеруіне байланысты, жоба түзетілімге жіберілген еді. Содан бері біз өзіміздің қалтамыздан ақша шығарып, қолдан келген жұмыстарды істеп жатырмыз. Облыстық әкімдіктен бізге қаржы бөлінбейді. Неге десеңіз, жоба қаралымда жатыр», – деді учаске басшысы Ерлан Өмірханов.

Әкімдіктегілер ғимараттың жаңа жобасы 20 қазанда дайын болады дейді. Тек құрылысқа бөлінген 3,3 млрд теңгеге қосымша қаражат қосылмақ. Себебі, құрылыс материалдары 10 пайызға қымбаттаған. Жобаның қайта жасалып жатқаны да содан көрінеді.

«Қазіргі кезде жобалық сметаларға құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты өзгертулер енгізілуде. Бұл жұмыстар жаз айында басталды. Яғни арнайы комиссия құрылды. Өзгертулер енгізіп жатыр. Жақында аяқталады деп күтілуде. Ол аяқталғаннан кейін жақында құрылысқа қосымша 500 млн теңге бөлінеді де, жұмыстар жанданатын болады», – деді СҚО құрылыс басқармасының баспасөз хатшысы Майгүл Қажжан.

Новости партнеров