Ғылыми, шығармашылық, қоғамдық және спорттық салаларда жоғары жетістіктерге жеткен талантты жастар 10 аталым бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айта кетейік, байқау 1992 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Сол уақыттан бері 200-ден астам еліміздің дарынды жастарының еңбегі еленген. Бүгінде олар мемлекетіміздің танымал тұлғаларына айналды. Өткен жылдан бастап сыйлық көлемі үш есеге ұлғайып, әр аталым бойынша жеңімпазға 600 мың теңге табысталды.
«Мемлекеттік «Дарын» сыйлығын ие болып жатқаныма өте қуыныштымын. Бұл менің бүгінгі күнге дейінгі азды-көпті еңбегіме, қажыр-қайратыма, жалпы дарыныма берілген үлкен баға деп есептеймін. Ендігі мақсат ¬- осы биіктен түспеу, ары қарай биік белестерді бағындыру және де осы үлкен атаққа «Дарын» сыйлығына лайық болу», - деді «Журналистика» аталымының жеңімпазы Айбек ТАСҚАЛИЕВ.
Биыл «Жастар жылында» 2 миллионға жуық жас мемлекеттің қолдауына ие болған. «Жол картасы» аясында жастарға шәкіртақы, грант беріп, жатақханамен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бизнесін дамытуға қолдау көрсетуге 3 млрд теңге бөлінген.
«Келесі жылдың да сіздер қандай жыл екенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы осы «Жастыр жылын» әрі қарай жалғастыру үшін «Еріктілер жылы» деп атады. Шынын айтқан кезде, бізде қазір өте беделді, еліміздің абыройын асырып жүрген ғылым, өнер, мәдениет қайраткерлері, спортшылар өсіп келеді. Мен Қазақстан Үкіметінің атынан барлық жастарға осы еліміздің абыройын, беделін асырып жүргендеріңіз үшін көп рахмет айтамын», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ.