Үйдің құжатын реттемеген шымкенттік тұрғындар баспанасынан айырылуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv
Қаладағы Көксай 1, Көксай 2 шағынауданындағы үйлер сүріліп, орнына көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттегі “зеленая балка” атанып кеткен Көксай 1, Көксай 2 шағынауданындағы үйлер сүріліп, орнына көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ. Осылайша қаланың көркін ашатын жаңа шағынаудан пайда болады. Заманауи үйлер 15 қабаттан тұрады-мыс. Алайда мұндай ауқымды жобаны іске асыру үшін тек инвестор тарту керек екен. Ал, жергілікті тұрғындар болса, бұл жобаны іске асады дегенге сенбейді. Себебі бұл әңгімені көптен бері естіп құлағымыз жауыр болды деп отыр. Толығырақ Almaty.tv тілшісінің материалында.  

Көксай-1 және Көксай-2. Бұл шағынаудан болашақта адам танымастай өзгермек. Қазіргі таңда мұнда 1100-ге жуық үй бар. Оның көбі кеңес дәуірінен қалған. Ал, жергілікті тұрғындар болса, үйлерінің сүрілетінін естіп келе жатқандарына 15 жылдан асыпты. Алайда жоба іске асып жатса, қолдайтынын да жасырмайды.

Блиц:

– Негізі көп болады ғой бұл осы қанша жылдан бері басталып, Әметовтың уақытысында басталған. Ол кісі кеткеннен кейін барып тоқтап қалды.

– Жаңада үй салып, жаңадан ғимарат көтеріп жатса, инвесторы табылып жатса, кім қарсы болады?

– Қаншама жылдан бері естіп келе жатырмыз ұзын құлақтан. Бірақ өз басым сенейін бе, сенбейін бе, білмеймін әлі. Ол қалай болады?

Аудан әкімі Ғалымжан Молдабайұлы тұрғындарға ескерту бердік деп отыр. Айтуынша,  бұл шағынауданда заңдастырылмаған 20-ға жуық тұрғын үй бар екен. Олар инвестор табылғанша барлық құжаттарды әзірлеп бітуі тиіс. Ал олай болмаған жағдайда, үй егесі далада қалып қоюды да ғажап емес.

«Қазірге бізде 20 шақты үй қалып отыр заңдастырылмаған. Енді жылдың соңына дейін ол кісілер де әрекетін жасап заңдастырып бітетін шығар. Ол жерде жалпы  32 гектарға жуық аумақ оның темір жол бойына өндірістік кәсіпорындар соғу қарастырылған. Бұл өте тиімді коммерциялық жоба болады. Өйткені жерлерді тегін алады да, ал соның есебінен тұрғындарға үй соғып береді сол жерде тұрған. Одан артылған пәтерлерді олар сатуға да мүмкіндігі болады», – деді Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов.

Қолға алынып жатқан жоба іске асып жатса нұр үстіне нұр дейді жергілікті тұрғындар. Басталған іс тек сөз жүзінде қалып кетпесе екен деп тілейді.

Новости партнеров