25 мамырдан бастап Алматыда ХҚКО мен базарлар жұмыс істей бастайды

almaty.tv
almaty.tv
Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 мамырдан бастап Алматыда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен базарлар жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты. Оның айтуынша, арнайы комиссия базарлардың жұмысын тексереді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасына көшуіне байланысты, нысандар эпидемияға қарсы барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтау және адамдар легін реттеу секілді шараларды ұстануы қажет. Ал азық-түліктік емес базарлардың жұмысы 1 маусымнан басталмақ.  Алайда нысандарда алдымен санитарлық талаптар орындалуы керек.

«Дүйсенбіден бастап қала әкімінің орынбасары күнделікті қалада орналасқан базарларды комиссиямен аралап жүр. Олардың дайындықтарын зерттеп жүрміз. Қалай дайын болады, ақырындап, 25 мамырдан баста  оларға жұмыс істеуге мүмкіндік берілген», – деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан ОРАЗАЛИН.


Новости партнеров