Шағын кәсіпорынның арқасында 50 көпбалалы ана жұмыспен қамтылған
Медеу ауданында «Рахым» әлеуметтік үйі ашылды. Нысанның басты ерекшелігі жағдайы төмен отбасылар жатақханада тегін тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал, ондағы кондитерлік цехта 20 дан астам түрлі өнім шығады екен. Шағын кәсіпорынның арқасында 50 көпбалалы ана жұмыспен қамтылған. Бүгін ұжым мүшелері қаланың қақ ортасында 1 мың адамға тегін тамақ таратты.
«Бүгінгі күнде бізде еріктілер шатбында 180 ге жуық ерікті, төтенше жағдайлар қызметінде 30 жұмысшы бар және демеушілермен жұмыс жасау нәтижесінде қайырымдылық қоры құрылды», – деді әлеуметтік үйдің басшысы Бибінұр Шерәлиева.
«Біздің ауданда 2 мыңнан аса көп балалы отбасы бар. 5 мыңға жуық бала бар. Әлеуметтік үй ашу туралы идея туды. Осындай бағдарламаның арқасында кондитерлік цех ашып жатырмыз», – деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.