БЖЗҚ: Қордағы қаражатты алу үшін бөлімшеге барудың қажеті жоқ

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба болса жеткілікті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты алу үшін енді бөлімшеге барудың қажеті жоқ. Қордағы ақшаны баспана алуға алғашқы жарна ретінде құю сынды процестер онлайн платформаға ауыстырылды. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба болса жеткілікті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Отбасы банкі» акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы Жанар Жолтаева жүйе әлі іске қосылмағанын айтты. Жақын арада нормативтік-құқықтық актілерге қол қойылған соң платформа өз жұмысын бастайды. Айта кетейін, қордан аударылған ақша тек әуелде көрсетілген мақсатқа ғана жұмсалуы керек. Олай болмаған жағдайда қаражат қайта қорға жіберіледі.    

«Бір айта кетерлік жайт бұл ақша қордан аударылған біздің банкке жіті қорғалатын болатын. Үшінші бір тұлғалардың оны алып қоюына құзыреті болмайды. Мысалы сот үкіміен шыққан шешімдер болады. төленбеген несиелер болады. салықтық бір қарыздар болады. солардың барлығына алып қоюға рұқсат жоқ. Яғни, жіті қорғалады»,– деді «Отбасы Банкі»АҚ баспасөз хатшысы Жанар Жолтаева.

Зейнетақы қорынан аударылған қаражат белгіленген мерзім ішінде пайдаланылуы тиіс. Яғни, 45 жұмыс күні ішінде баспана тауып, мақсатына жөнелтілуі керек. Олай болмаған жағдайда ақша қайтадан зейнетақы қорына жіберіледі. Еске салайық, қордағы қаражатқа «Отбасы банкі» қатысатын кез келген тұрғын үй бағдарламасымен баспаналы болуға мүмкіндік бар. 

Новости партнеров