Банк алдындағы қарызын өтей алмаған борышкерлердің мәселесі қарастырылады

Банк алдындағы қарызын өтей алмаған борышкерлердің мәселесі қарастырылады
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары әрі елдің қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұған дейін бұқарада кең талқыға түскен банкроттық туралы Заң Мәжілістің қарауына ұсынылды. Аталған құжатта қаржылық жағдайының төмендігіне байланысты банк алдындағы қарызын өтей алмаған борышкерлердің мәселесі қарастырылмақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары әрі елдің қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салық жүйесі мен елдің негізгі қаржылық әлеуеті жайында көптің сауалына жауап берген министр қай салада да тұрақтылық керек дейді. Әсіресе ел экономикасына елеулі үлес қосып отырған бизнес субъектілері үшін бұл маңызды мәселе. Салық пен банктік жүйені көпшілікке түсінікті ету – ведомствоның басты міндеті деген басшы азаматтардың банкроттығы жайлы Заң дайын деп мәлімдеді. Мәжілістің қарауына ұсынылған жоба қарызын өтей алмаған борышкерлердің мәселесін қарастырады.

«Мыңдаған азаматтың банктерде қарызы бар. Жаба алмай жүр немесе банктік емес қаржы ұйымдарының алдында қарызы бар. Соны біз ескеріп, Заң жобасын өзгерттік. Яғни сот арқылы өзін банкроттық деп тануына мүмкіндік бар немесе соттан тыс, қаржы көлемі қомақты болмаса банкроттықтан тыс. Ондай азаматтарға заңды түрде кеңес беріледі», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Көппен кездесіп, кейін азаматтарды жеке қабылдаған министр әуелде Алматының индустриалды аймағын аралап шықты. Кездесуде зауыттардың экономикалық көрсеткіші мен ел бюджетіне қосқан салымы басты назарға алынды. Отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі, сұранысы мен сапасы да тыс қалған жоқ.

«Отандық өнім ретінде біз пайдаланатын материалдардың бәрін экологиялық стандартқа сәйкес, рак ауруларын шығармайтын, Е0, Е1 еуропалық неге сәйкес материалдарды ғана аламыз. Бұл – біздің ерекшелігіміз», – деді Ішкі есіктер фабрикасының директоры Азат Қалиоллаұлы.

Бір ғана жеңіл автокөлік құрастыратын зауыттың өзі ел бюджетіне бір жылда 8 млрд теңгеден артық ақша құяды. Бұл өз кезегінде экономикалық өсімге, индустриалды дамуға септігін тигізеді. Бірақ мұндай өндіріс орындарын дамыту, олардың жайлы жұмыс істеуіне жағдай жасау – мемлекеттің құзыреті. Министр сөзі – осы.

Мадина Оқас, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы 

Новости партнеров