|
29.08.2021 | 21:19
1723

Ақын Ғалым Жайлыбай алауға айбат шеккен боздақтарға өлең арнады

Беліңді бу, қаралы Қазақстан!

Батыры бақұл болғанда, ықылым заманнан, қазақтың жырау, шайырлары егіле жыр төгеді. Исатайын Махамбет, Бөгенбайын Бұқар жоқтағандай бүгінгінің ақындары да өзектегі өкінішті өлеңмен өріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аңыраған халыққа басу айтып, қаламына арнауды арқау еткен зиялылар жетерлік. Анталаған алауға айбат шеккен азаматтардан айырылу орны толмас қайғы.


Ақын Ғалым Жайлыбайдың «Беліңді бу, қаралы Қазақстан!» өлеңі желіге желдей тарады.

«Саңылағымның сиресе санаты тым,

Сағыныштан сарғаяр сана-құтым.

Қаратаудан жылжыған керуенімнің,

Кес-кестеме соқпағын, қара түтін!

Жарылыстар жүректе,

Жан, денем де.

Көш алыдынан найқалып Нар келер ме?

«Сабыр түбі - сары алтын» деген сөзді,  

қай бетіммен айтайын – Сарыкемерге?!» – деп жазды ақын Ғалым Жайлыбай.

Қадірлі Қазақ елі! Отандастар! Шын мәнінде өлеңде айтылғандай адам ойы жасаған қателіктер қыршындардың қанымен өлшенеді деп. Біз бейбіт күнде әскерге жіберген сарбаздарымыз бен өрт сөндіріп жүрген азаматтарымыз айырылып қалдық. Біз үшін бұл үлкен қайғы. Осы сәтті пайдаланып марқұмдардың жақындарына, қазақ еліне көңіл айтамын.

Жыр жауһарларын арнаған қаламгерлермен қатар театр, кино актерлері, композиторлар мен өнер қайраткерлері де аза тұтты.

«Байзақ ауданында болып жатқан жарылыс бәріміздің жүрегімізді ауыртып, қабырғамызды қайыстырды. Қаза тапқан азаматтардың жанұясына қайғырып көңіл айтамын. Бекем болыңыздар», – деді Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов.

«Індет бір жағынан қысып бара жатқанда, бірнеше азаматымыздан айырылғанымыз қабырғамызға батып тұр. Ардақты менің жерлестерім, жамбылдық азаматтар берік болыңыздар! Жақсылық алда күтіп тұрған шығар», – деді Қазақстанның халық әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир