|
01.02.2019 | 21:20
6184

Алматыда суррогат ана өмірге үшем әкелді

Алматыда суррогат ана өмірге үшем әкелді

Алматыда суррогат ана өмірге үшем әкелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл – бұрын-соңды болмаған ерекше оқиға. Бастапқыда жатырын жалға берген анаға тек екі ұрық салыныпты. Бірақ кейіннен оның біреуі екіге бөлініп, нәтижесінде дүниеге үшем келген. Айы-күні жетпей туған шақалақтардың қазір жағдайы қалыпты. Салмағы бір жарым келіден аспайтын сәбилер арнайы кювезде жатыр.

«Үшем болатынын мүлдем күтпедік, біздің орталықта мұндай құбылыс бірінші рет болып тұр. Биологиялық ата-ана бізге өздері келіп суррогат әйелдің көмегімен сәбилі болғысы келетінін айтты. Оларды бірден тіркеуге алып, денсаулықтарын тексеріп, ЭКО арқылы ұрықтандыруға дайындадық. Нәтижесі сәтті болып, өмірге бір қыз, екі ұл келді. Қазір суррогат ананың көмегімен сәбилі болатындар өте көп. Бұл бір жағынан көптеген отбасын ажырасып кетуден сақтайды», – деді Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының репродуктолог дәрігері Радха ШАРИПОВА.

Ақ халаттылардың мәліметінше, үшемнің биологиялық ата-анасының бір баласы бар. Алайда, оларға тұңғышынан соң қайта сәби сүю бақыты бұйырмапты. Көп балалы болуды арман еткен ерлі-зайыпты ұзақ ойлана келе, ақыры суррогат ананың көмегіне жүгінген. Тіпті, құрсақ-ананы өздері іздеп тауыпты. Жатырын сатқан 26 жастағы әйелдің өзі екі перзентін тәрбиелеп отыр екен. Келіншек тапсырыспен құрсақ көтеруге ақшаға мұқтаждықтан барған көрінеді. Бірақ мұндай процедура үшін қанша сыйақы алғаны белгісіз. Қос тарап келісімшартты нотариуспен бекіткен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир