ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорда.кз сайтына сілтеме жасап.
«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.
Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев министрлер кабинеті аппаратының басшысы, Қызылорда облысының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі қызметтерін атқарған еді.
2009 жылдың 4 наурызынан 2014 жылдың 11 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысын басқарған. 2014 жылы 11 қарашада Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған. Ал 2015 жылы қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімі қызметіне кіріскен.
2019 жылы ақпанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып, бұл қызметте жарты жылдай жұмыс істеген.