Елімізде жаңа такси қызметі пайда болуы мүмкін

21.08.2024 02:25

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты

elements.envato.com

Эстониялық Bolt компаниясы такси саласында Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

- Басқа да халықаралық агрегаторлар біздің нарыққа кіруді пысықтап жатыр. Мәселен, Bolt компаниясынан ұсыныс болды. Бұл эстониялық компания Еуропада өте танымал. Олар бізге хабарласып, еліміздің нарығын қарастырып отыр. Егер осы компания бұл қызметті іске қосу туралы шешім қабылдаса, біз оларды қолдаймыз, - деді Марат Қарабаев.

Оның пайымынша, жаңа компания нарыққа кірсе, бәсекелестік елімізде такси тарифін төмендетуге ықпал тетеді.

Оқи отырыңыз: Рөлі оң жақта орналасқан такси көліктеріне шектеу енгізбек

Дереккөз: ҚазАқпарат