Рөлі оң жақта орналасқан такси көліктеріне шектеу енгізбек

Almaty.tv
Almaty.tv

Министрлік пен такси платформалары меморандумға қол қойған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев рөлі оң жақта орналасқан такси көліктеріне шектеу енгізбек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрлік пен такси платформалары меморандумға қол қойған. Құжатқа сәйкес, оң жақ рөлді машиналар қосымшаға тіркеле алмайды. Министрдің сөзіне сенсек, 2025 жылғы қаңтарға дейін елдегі ірі такси платформалары өз ішінде инвентаризация жасап, оң рөлді көліктерге шектеу қояды. Сонымен қатар әу баста рөлі оң жақта болып, оны солға ауыстырғандар да жолаушы тасымалдай алмайды.  

– Рөлі сол жаққа ауыстырылған оң жақ рөлді көліктер бар. Олар азаматтарымыздың денсаулығына және көлік қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сондықтан оң рөлді көліктерде 13 таңбалы VIN-коды бар, ал сол рөлді көліктерде 17 таңбалы VIN-код таңбаланған. Бұл тұрғыда такси қызметтері осындай көліктерді анықтап, 1 қаңтардан бастап қызметтен босатады. Ішкі істер министрлігі жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілердің тізімін ұсынады. Бұл жүргізушілер де такси жүйесінен шығарылады, – деді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда жолайырықтың эстакадасы біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Новости партнеров