Жыл соңына дейін көрерменге жол тартуы тиіс туынды 12 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі 26 минуттан тұратын фильм комедия жанрында түсіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көрермендер аудиториясы 16 жастан басталатын сериал халықтың көңілінен шығады деп күтілуде. Сериалда басты рөлдерді негізгі екі актер – 26 жастағы «Алау» тобының мүшесі Ержан Мұқатаев пен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының 3-курс студенті Аружан Ахметова сомдайды. Арманға толы өмір жолын жаңадан бастаған IT саласындағы үш достың жеке бизнестерін ашу барысындағы сәтсіздіктері мен жеткен-жетістіктерін баяндайтын сериал қазіргі жастарға «оң ой» салады деп үміттенеді сериалдың бас редакторы.
«Цифрландыру аясында жүріп жатқан сериалдың негізгі мақсаты – жастарға жалпы ID технологияларды үгіттеу, насихаттау. Оның болашақта елімізге дамуына керек нәрсе екендігін айту, түсіндіру. Соның арқасында, әсіресе, жастарды осы технологияларға баулу», – деді фильмнің бас редакторы Еркебұлан ӘЛІМЖАНОВ.