Алматыда өткен жылы 90-ға жуық қалта ұрлығы бейнебақылау камераларының көмегімен әшкереленген. Қоғамдық көліктерде жолаушыларды тонау фактілері айтарлықтай азайыпты. Жалпы шаһарда камералар арқылы қауіпсіздік шаралары қалай бақыланады? Қандай аумақ күндіз-түні көз ілмейтін техникамен қамтылған? Оны Almaty.tv тілшісі сараптамасынан білейік.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігі басты назарда. Қоғамдық орындардағы әр қозғалысты тәртіп сақшылары жіті бақылауда ұстайды. Мәселен, саябақта, аулада қараусыз қалған біреудің сөмкесі, немесе, басқа да бір заты болса дәл осы бйнебақылау камерасы арқылы анықталады. Яғни, қозғалыссыз қалған зат туралды кезекші бөлімге белгілі бір уақыттан кейін автоматты түрде белгі беріледі. Ал, мамандар өз кезегінде оқиға орынына арнайы жасақ жібереді.
Қалалық жедел бақылау орталығы. Мұнда бас-аяғы 156 монитор орнатылған. Аранайы мамандар, қаланың түкпір-түкпіріндегі қозғалысты дәл осы жерден бақылап отырады. Кезекшілер тетігіне күнделікті кемінде 200 қоңырау түседі. Камералар арқылы жүздеген жуық заңбұзушылық анықталады.
«Жол қауіпсіздігі бағдарламасы аясында 105 арнайы бекет, 700 бейнекамераны қамтиды. Сонан соң сергек жүйесінде 2000-нан аса бейнекамера қамтылған. Осы бейнекамералардың көбісі «Қаупсіз қала» атты бағдарлама аясында қойылды. Қаламыздың аулаларының ішінде 33 мыңнан астам камера орнатылды», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қоғамдық көліктердегі қауіпсіздік те басты назарда. Қазіргі таңда 2 мыңға жуық автобусқа бейнебақылау камерасы орнатылған. Бейнебақылау арқылы өткен жылдан бері 85 қалта ұрыларының тобы құрықталған. Осылайша баукеспелер саны екі есеге азайған. Жақын арада автопарктерде онлайн бақылау жүргізілсе ұрлықты түбегейлі жоюға болады,-дейді мамандар.
«Бір ай көлемінде осы бейнежазбаны онлайн көру мүмкіншілігіне ие боламыз. Қызмет көрсету сапасын өз жағымыздан бақылап отырамыз. Жүргізушілерді бақылап отырамыз. Сапасын, мәдениеттілігін...», – деді автопарк директорының орынбасары Саламат Құдайбергенов.
Жол қозғалысы ережелері бұзылған жағдайда автоматты түрде тіркеу жүйесі арқылы қандай ереже сақталмағандығы суркетке түсіріледі. Мәселен, жүргізушінің ұялы телефонмен сөйлескені, жол белгілеріндегі талаптарды сақтамағаны қаз қалпында бейнебақылауға жазылады. Осылайша 1 млн 400 мың теңге көлік жүргізушісіне айыппұл салынған. Ал, жалпы видекамералар арқылы былтыр 6 мыңнан астам қылмыстың беті ашылыпты.
Рахат Рахымжанов