|
08.04.2020 | 21:30
1657

Алматы қаласының әкімдігі бірнеше онлайн жобаны іске қосты

Карантинге байланысты үйде отырған адамның пайдалы іспен айналысуына мүмкіндігі мол

Алматы қаласының әкімдігі бірнеше онлайн жобаны іске қосты Almaty.tv

Алматы қаласының әкімдігі де креативті мамандармен бірлесе бірнеше онлайн жобаны іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Карантинге байланысты үйде отырған адамның пайдалы іспен айналысуына мүмкіндігі мол. Ол үшін қазір әлеуметтік желілерде керектінің бәрі бар. Солардың бірі иснтаграмм мен ютуб желілерінде тұрақты жұмыс істеп тұрған «Almaty Creative» каналы. Бұл жерден сіз әншілердің онлайн концертін тамашалап, бірнеше қызықты курстарға қатыса аласыз. Толығырақ келесі материалда.

Бұл ютуб желісіндегі  «Almaty Creative»  каналының сурет үйірмесі. Тұрақты жүргізіліп тұратын қосымшаны білікті суретші мамандар жүргізеді. Карандаш және түрлі бояулармен бейнелеудің қыр-сырын үйренуіңізге болады. Алды біздің арнамызға салған суреттерін жолдап, алғыстарын жаудырып жатыр.

БЛИЦ:

– Суреттерді, неше түрлі заттарды салып үйрендік соған рахметімізді айтамыз.  Және де мен басында сала алмаймын деп ойлағанмын. Бірақ қолымнан келгенше әдемі қылып салдым. Бұл вазадағы гүл.

– Доча, расскажи пожалуйста что тебе больше понравилась? Вот это лощадка. Вот это типа отдых.

– Мы хотели оставить свой отзыв. Меня зовут Вероника. Мы ис крупы делали. Мы рисовали кактус. Нам больше понравились вот эти закатки.

Онлайн сурет салуды үйренудің пайдасы көп екенін кәсіби суретшілер де растап отыр. Себебі карантин кезінде үйде жатқан адамның ойлануға уақыты көп. Іштегі бұлқынысын сыртқа шығару үшін бенелейу өнерімен айналысса жеңілдеп, миы сергіп қалады дейді Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы.

«Өйткені мұндай пәндер ешқандай оқу орындарында оқытылмайды. Енді карантин кезінде мұрағатталған дәрістер, жиналынған жазбаларды қарап тікелей эфирде талқылау өте пайдалы. Мектеп жаңа онлайн форматында бұрынғыдай жас суретшілерге, олардың дамуы үшін пайдалы ақапарттар мен тәжірибе жинауы үшін көмектеседі деп үміттенемін», – деді Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы Арыстанбек ШАЛБАЕВ.

Жаңа технологиялар, сурет салу, шахмат ойнау және өнер менеджменті, осының барлығы бір жерге топтастырылған. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен балалар мен жасөспірімдердің мәдени-гуманитарлық дамуы үшін онлайн жобалар мен ересектерге арналған пайдалы курстар саны әлі де арта түспек.

«Кітапханаларда мектеп оқушыларына арналған онлайн форматындағы түрлі үйірмелер жұмысы ұйымдастырылды. Физика және математика, шахмат академиясы, актерлік шеберлік, домбырада ойнап үйрену үйірмелері.  Сонымен қатар, «Almaty Creative» үйірмесінің ютуб арнасында тікелей эфирлерде  жүргізіледі. Түрлі техникамен сурет салу бойынша балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтары. Жеке тұлғаны мәдени мұра арқылы дамыту онлай курсы заманауи өнер туралы білім алаңы онлайн форматына өтуде», – деді қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Рузанна БЕКТҰРСЫНОВА.

Күнделікті үш мезгіл жобаның ютуб каналынан вокал, фортепиано және гитарада ойнауды үйренуге болады. Сондай-ақ, елімізге танымал әншілердің концертін де онлайн тамашалай аласыз.  

Айта кетесек, жоғарыда айтылған онлайн-шаралардың бәрі тегін. Барлығы  «Almaty Creative» үйірмесінің YouTube арнасында, almatycreative.kz. сайтында қолжетімді. Анонстар мен сабақ кестелерін @almaty.creative және @almatymadeniet аккаунттарынан қарауыңызға болады.

Қуан Нұрақын, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир