Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық полиция департаменті криминогендік жерлердің картасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Соның ішінде мүлдем жарықсыз қалған жерлер де бар. ПД-нің мәліметінше аса қауіпті 148 криминогендік учаске анықталған. Бұған 83 көше мен 65 аулада жарық жүйесінің болмауы себеп. 2019 жылдың соңына дейін 83-тің 22 көшесіне жарық орнатылады. Қалған 61 мекенжай бойынша іске асыру мерзімі 2021 жылға дейін деп көрсетілген ЖСҚ әзірлеуге өтінім берілді.
Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы аула аумақтарын жарықтандыру бойынша жұмысты бастап кетті. Жоспар бойынша 62 аулаға жарық жүйесі орнатылады.
23 тамыздағы жағдай бойынша Түрксіб ауданының 5 ауласында жарық орнату жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Сейфуллин көшесі 74, 57; Жұмабаев көшесі 27; Физкультурная көшесі 17; Орджоникидзе көшесі 136.