|
30.01.2019 | 21:30
11115

Әнші Гауһар Әлімбекова 6 жылға сотталды

Прокурор сотта Гауһар Әлімбекованы 8 жылға соттауды сұрады.

Әнші Гауһар Әлімбекова 6 жылға сотталды stan.kz

Жаға ұстатарлық жаңалық. Қазақ келіндеріне өсиет айтып келген әнші Гауһар Әлімбекова сотталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстандық танымал әнші істі болды. Әнші Гауһар Әлімбековаға қатысты сот отырысы өтіп, жаза тағайындалды.

Әнші алаяқтығы үшін сотталды. Алматы қаласы Алмалы аудандық сот шешіміне сәйкес, әнші 6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Жәбірленуші Бақыт Назарова мен Гаухар Әлімбекова 15 жылдай жақын құрбы болған. Әнші құрбысынан 40 мың доллар ақша алып, Алматының «Ақкент» ауданынан пәтер алып беруге уәде берген, алайда сол күйі ақшасын да қайтармай, үй де алып бермеген.

Жәбірленуші қаражатты тауып беру үшін көлігін сатып, несие алғанын айтады. Ол моральдық өтемақы ретінде 51 мың доллар мен 10 млн теңге талап етті. Сот оны ішінара ғана қабылдады. Айыпталушы жәбірленушіге 40 мың долларды қайтаруға міндеттелді.

Прокурор сотта Гауһар Әлімбекованы 8 жылға соттауды сұрады.

Бұған дейін тұрмысқа шыққан 46 жастағы әншінің жолдасымен қалай танысқанын жазған едік.

 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир