|
05.09.2024 | 21:31
66

Жетісу облысында әскери қызметкерге оқ тиіп, жараланды

Оқ білегін тесіп өткен ол ауруханада жатыр

 Жетісу облысында әскери қызметкерге оқ тиіп, жараланды Almaty.tv

Айдың-күннің аманында тағы бір әскери оқ тиіп жараланды. Оқиға Жетісу облысындағы Сарыөзекте болған. Автоматтың оғы 19 жастағы әскери қызметшінің  білегін тесіп өткен. Ол Ескелді ауданындағы ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқиға 2 қыркүйекте түсте болған. Білегіне оқ тиген әскери қызметші ауруханада жатыр. Әзірге бұдан өзге ресми ақпарат жоқ. Әскери бөлім қызметкерлері тергеу амалдары жүріп жатыр деген желеумен оқиғаның мән-жайы туралы жақ ашпады.

– 2 қыркүйекте қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан әскери қызметші жарақат алды. Еңбек демалысында екенін білем. Қылмыс бойынша ешқандай ақпарат айта алмаймын. Өйткені онымен тергеу айналысып жатыр, – деді 12740 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрғали Ақылбаев.

«Балам Отарға оқу жаттығуға кетті» деп отырған Бақытбек Қасымов ұлының жараланғанын кездейсоқ білген. Оны әскери полиция арқылы тауып, ауруханаға апарған.  Әкесінің айтуынша, оқ баласының білегін тесіп өткен. Сондай-ақ ол «әскери бөлім басшылығы баланы жарақат алғаннан кейін ауруханаға апармай, бір тәулік бойы пәтерде тығып ұстағанын айтты.

– Мен барған кезде баламды жігіттерінің штабынан таптым. Ал жігіттер тоны үшінші үйде үшінші пәтерден тауып алған. Оқ тиген кезде бірден іріңдеп кетпеу үшін препарат салыну керек. Бірақ оны ешкім салмаған. Егер әскери тергеу бөлімінің жігіттері көмектепегенде, баламның сүйегін де таппай қалар ем, – деді Ескелді ауданының тұрғыны бақытбек Қасымбеков

Оқ тиіп жараланған кіші сержант Сарыөзек гарнизонындағы әскери бөлімде жұмыс істеген. Ол сол жерде 6 ай әскери борышын өтеп, бір жыл бұрын ғана келісімшартпен қызметке қабылданған. Отарға оқу-жаттығуға аттанбақшы болған ол ресми түрде еңбек демалысында.

Айта кетейік, кіші сержанттың әкесі баланы әріптесі атып алды деген ақпар айтты. Әзірге бұған қатысты ресми мәлімет берілмеді.

Меруерт Сабыртай, Мирас Анитов, «Алматы» телеарнасы, Жетісу облысы

Оқи отырыңыз: Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының отбасы 120 млн теңге өндіріп алды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир