|
03.02.2020 | 21:31
6981

«Кемел» ықшамауданында бір ауысымда 200 науқас қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ашылмақ

Жетісу ауданы әкімінің кезекті кездесуі Көкмайсадағы мектептердің бірінде өтті

«Кемел» ықшамауданында бір ауысымда 200 науқас қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ашылмақ Almaty.tv

Тиісті құжаттарын жасауға қала әкімдігінен қаражат бөлінген. Сондай-ақ, биыл Айнабұлақта 160 орындық балабақшаның құрылысы басталады. Мектепке дейінгі мекеме ескі нысанның орнына салынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жетісу ауданындағы кезекті кездесу Көкмайсадағы мектептердің бірінде өтті. Шараға Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та қатысты. Ал аудан басшысы Мақсат Қиқымов көптің уақытын алмай, қысқа да нұсқа есеп беруге тырысты. 8 ауданның ішінде Жетісу өнеркәсіп өндірісі бойынша бірінші орында деген ол жеткен жетістіктерді жіпке тізді. Былтыр 2 миллиард теңге инвестиция тартылып, бетон шығаратын зауыт ашылған. Биыл да тағы бір кәсіпкер осындай көлемде қаржы құйып, 15-тен астам адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.

«Ал сауда орындарын жаңартуға келсек, аудан аумағында 16 базар бар. Оның жетеуі жаңаланып, еуропалық стандарттарға сай жасалды. Тағы үшеуі бойынша жұмыстар жалғасуда. Оған қоса, жаңа сауда кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Онда 400 сауда орны болады. Құйылған инвестиция көлемі 313 миллион теңге. Нысан тамыз айында қолданысқа берілуі мүмкін»,  - деді Жетісу ауданының әкімі Мақсат ҚИҚЫМОВ.

Есептік кездесуге келген қала әкімін халық ыстық ықыласпен қарсы алды. Басымыздағы мәселеге бей-жай қарамаңыз деген олар кейбір сұрақтарын Бақытжан Сағынтаевқа қойды. Жалпы бұл жолы сауал қоюға кезекке тұрғандар аз болды. Сондықтан да болар, кездесу бар жоғы 1 сағаттың ішінде аяқталды.

Халық сұрақтардан бөлек, қажеттіліктерін айтып қалуға асықты. Зейнеткерлер өздері тұратын Көкмайса ықшамауданында ортақ бассейн жоқ деді. Қалған жетісулықтар спортқа ден қояйық десек залдар саны аз деді. Жетіспеушілік болғандықтан алысқа баруға мәжбүрміз деп налыды.

«Кейбір мәселелерді шешу үшін уақыт қажет. Бүгін осында қала әкімдігі тарапынан мамандар отыр. Олар қойылған сұрақтарды өз бақылауларына алады. Былай алып қарасақ, аудан әкімдігі өздері шеше алатын сұрақтар бар. Ондай сұрақтар тез арада шешіледі. Ал қала билігі арасалатындарын бәріміз жұмыла, реттейміз», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған еркін микрофон форматы көптің көңілінен шыққан. Биыл аудандық есептік кездесулері сұрақ-жауап ретінде өтіп жатыр. Осылайша, халықтың көптеген мәселесі жылдам шешім табуда.  

Жадыра Омаржан, Нұржан Оразбеков, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир