Алматыда қоғамдық кеңес өкілдеріне «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы таныстырылды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева заңнамалық құжатты кеңінен талқылауға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қоғамдық кеңес өкілдеріне «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы таныстырылды. Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева заңнамалық құжатты кеңінен талқылауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобаны «Ашық нормативтік-құқықтық актілері» порталы мен министрліктің сайтынан көріп, танысуға әрі құжатқа қатысты кез келген азамат пікір мен ұсыныстарын білдіруіне болады. Ұсынылып отырған жаңа заңнама мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қоғам тарапынан көп сын ретінде айтылып жүрген мәселелер: мынау мемелкеттік органдардың жиналыстары ашық өтпейді, өздерінің сайттарын жаңаламайды, ақпарат ала алмаймыз деген мәселелердің барлығы енді қадағаланып жылдың аяғында Президентке арнайы баяндама ретінде беріліп отырады», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Министр заң жобасында үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, халықаралық және отандық сарапшылардың ұсыныстары ескерілгендігін атап өтті. Заңда белгілі бір мәселе бойынша қоғам тарапынан бақылау жүргізетін объектілер мен субъектілердің құқықтары анықталып, жіктеледі. Мәселен қоғамдық бақылау жүргізетін тұлғаларға сарапшы мен бақылау топтарын құруға, қажет болса, ақпарат сұратуға, аудиовизуалды техникаларды қолдануға мүмкіндіктер береді.

«Дұрыс қой, бұл заң шынымен керек. Биліктің бастау көзі – бұл халық, дейді ғой. Халық билікті бақылай алуы керек. Ол бақылаудың белгілі бір ережесі, жолы, заңы болуы керек. Сондықтан бұл заңның керектігі анық. Әрине, бірақ көптеген пікірлер бар», – деді саясаттанушы Дос Көшім.

Новости партнеров