|
25.01.2022 | 22:19
3693

Алматыда бизнеске келген залалды анықтау комиссиясы өтемақы төлемдеріне кірісті

Бүгінде кәсіпкерлер тарапынан барлығы 149 өтінім келіп түскен

Алматыда бизнеске келген залалды анықтау комиссиясы өтемақы төлемдеріне кірісті Фото: ашық дереккөзден

Алматыда Шағын және орта бизнестің залалын анықтау жөніндегі комиссия алғашқы өтемақы төлемдеріне кірісті. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин өңірлік комиссияның бірінші отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шараға осыған жауапты 44 маман қатысып, дүрбелең кезінде шығынға батқан нысандарға байланысты алдағы жоспарларын бөлісті.  

«Комиссия жедел ашық режимде жұмыс істейді. Қазір біз өз ұсыныстарымызды енгізудеміз. Ұлттық экономика министрлігі әзірлеушілерімен бірлесіп, бизнеске келтірілген залалды өтеудің қолданыстағы тетігін редакциялаудамыз. Кешегі комиссия отырысы бірқатар сәттерді пысықтауды қажет ететінін көрсетті», ‑ деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Бүгінде кәсіпкерлер тарапынан барлығы 149 өтінім келіп түскен. Мамандардың айтуынша, шағын және орта бизнеске келтірілген залал алдағы 2 ай ішінде толығымен өтелмек. Егер кәсіпкерлер төлем сомасымен келіспеген жағдайда Info Kazakhstan сайтында орналасқан бағалау компанияларына жүгіне алады.

«Кеше, комиссия отырысы кезінде, зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінен 62 өтінім келіп түсті. Олардың 2-еуі ғана растайтын құжаттардың толық пакетін ұсынды», ‑ деді Еркебұлан Оразалин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир