Алматыда жастардың бастамаларына көмек қолын созғандар «Ел бірлігі» премиясымен салтанатты түрде марапатталды. Бұл құрметке - Ішкі Істер Министрлігі, Білім және ғылым, Жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері және басқарма төрағасы ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Салтанатты рәсімге мегаполистің беткеұстар мектептері де атсалысты. 2018 жылдың желтоқсан айынан жұмысын бастаған республикалық «Жастарға жол» қоғамдық қорының биылғы жылғы басты міндеті - балалар үйінің түлектерін әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету болса, келер жылы оларды жұмыспен қамтамасыз етуді қолға алмақ.
"Бұл салтанатты марапаттау шара үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Бүгін сахнада жастарға қолдау көрсеткен мемлекет және қоғам қайраткерлерін, саясаткерлерді, кәсіпкерлерді, меценаттар мен ұлттық компаниялардың басшыларын марапаттадық. Мұнда жастар мен балалар үйі түлектерінің бастамаларын қолдайтын адамдар жиналған. Осы уақыт аралығында балалар үйі түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету және тұрғын үй мәселелері көтеріліп, түлектерге 52 пәтер берілген болатын", - деді «Қазақстанның балалар үйі түлектері қауымдастығының» басқарма төрағасы Рафаэль ГАСАНОВ.