Айжани Нұрланова «Ten qogam» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

24.02.2021 02:42

Елдегі төтенше жағдай кезінде ашылған мекеме мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кешенді қызмет көрсетеді

Алматыға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Айжани Нұрланова іс-сапармен келді. Министрлік өкілі «Ten qogam» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Елдегі төтенше жағдай кезінде ашылған мекеме мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кешенді қызмет көрсетеді. Ондағы мамандар азаматтардың сұранысы мен мүмкіндігіне қарай жұмыспен қамту шараларына тартып, кәсіпке баулиды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл пилоттық жоба Алматы қаласында басталып, қазір енді барлық өңірлерде ашылуда. Мұндай жобалар өте керек. Өйткені мүгедектігі бар азаматтардың барлық өздеріне қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін орталық», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Айжани Нұрланова.